"Oil Services Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
"Oil Services Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2001 жылғы 20 ақпанда "МаңғыстауМұнайГаз"АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен құрылды. 2001 жылдың сәуір айынан бастап "Oil Services Company" ЖШС-гі қызмет бағыты ұқсас, Маңғыстау түбегінің мұнай байлығын игеруге ықпал еткен, тиісінше 10, 20, 40 жылдық даму тарихы бар "Шегендеу" ЖШС, "Химремонтскважин" ЖШС, "Бұрғышы" ЖШС секілді ұйымдарды сенімгерлік басқаруға қабылдады. 2002 жылдың маусым айында бұл үш кәсіпорын "Oil Services Company" ЖШС-не қосылу арқылы таратылды. 2011 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ "Маңғыстауэнергомұнай" ЖШС және "Oil Services Company" ЖШС, "Мұнайтелеком" ЖШС, "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС және "Oil Construction Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері еншілес ұйымдары саналатын "Ақтаунефтесервис" ЖШС-нің жарғылық капиталына қатысуда 100% үлесін сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. 2017 жылғы 4 қаңтардан бастап "Oil Services Company" ЖШС "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның 100% еншілес ұйымы атанды.
2001 жылдан бастап жаңадан құрылған "Oil Services Company" ЖШС-не басшылық етті:
Абдукамалов Оралбай (15.03.2001-18.11.2009)
Кенжалиев Әлібек Фазылұлы (22.12.2009-15.04.2011)
Батырғалиев Бауыржан Өтеуліұлы (22.08.2011-28.04.2012), (06.03.2015- 21.09.2016)
Төлеумағанбетов Айтқали Азанұлы (28.04.2012-15.03.2013)
Ізбасов Қуанышкерей (15.03.2013-12.05.2013)
Телекусов Орынғали Өмірзақұлы (13.05.2013-17.11.2014)
Қожанов Жұма Әбділдашұлы (18.11.2014-06.03.2015)
Масатов Мырзағали Санатбайұлы (26.09.2016-04.05.2018)
Боранбаев Бекқожа Оңдасынұлы (05.05.2018- 17.05.2021)
18.05.2021 ж.бастап - "Oil Services Company" ЖШС Бас директоры қызметін Таменов Нүркен Жарылғасұлы сәтті жалғастырып келеді.
"Oil Services Company" ЖШС қызметінің негізгі түрі – мұнай сервистік қызметтерін көрсету. Олардың қатарында:
- мұнай, газ ұңғымаларын бұрғылау және игеру;
- ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу;
- өндірудің технологиялық процестерін химияландыру.
Компания Жетібай және Қаламқас кен орындарында жұмыс істейді. "Қаламқас Сервис" өндірістік басқармасы ҰКЖ, ҰЖЖ, мұнай өндірудің технологиялық процестерін бұрғылауды және химияландыруды тікелей Қаламқас кен орнында қамтамасыз етеді. ҰКЖ және ҰЖЖ бригадалары құрал-саймандармен, көтергіш жылжымалы тұрғын вагондармен толық жабдықталған.
«Жетібай Сервис» өндірістік басқармасы ҰКЖ, ҰЖЖ бұрғылау және химияландыру мұнай өндірудің технологиялық процестерін тікелей Жетібай кен орнында қамтамасыз етеді.
Болашақта компанияның дамуы жаңа технологияларды енгізу арқылы мұнай операторларына қызмет көрсету нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған.
2009-2018 жылдар аралығы кезеңінде эксплуатациялық ұңғымалар бұрғыланды, біріктірілген өлшем метражы 1 001 210 м құрады, оның ішінде Жетібай 384 ұңғыма жиынтығы 809 443 м., сәйкесінше Қаламқас кенорнында 211 ұңғыма өлшемі 191 767 м. болды. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде өндірістік процестерге де, әкімшілік басқаруға да барлық заманауи технологиялар енгізілген. 2013 жылы Жетібай кенорнында бірінші көлденең ұңғыма (№4423) бұрғыланды. Кейінгі жылдары қосымша 7 көлденең пайдалану ұңғымаларының құрылысы аяқталды. Бұрғыланған көлденең ұңғымалардың жалпы тереңдігі 18862 м құрады. Қазіргі уақытта серіктестіктің қарамағында 7 бұрғылау бригадасы бар. Сонымен қатар, компания ұңғымаларды игеру бойынша жұмыстарды колтубингтік, азотты орнатуларды қолдана отырып жүзеге асырады және басқа да көптеген сервистік қызметтерді орындайды. Өңірдің ең ірі кәсіпорны "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ көптеген онжылдықтар бойы "Oil Services Company" ЖШС-не өз кен орындарындағы мұнай операцияларына сервистік қызметтерді сеніп тапсыруда. Бұл өз кезегінде сервистік компанияның беделі жоғары екендігінің тағы бір дәлелі. Компания экологиялық талаптардың сақталуын және өндірістегі қауіпсіздіктің артуын, кен орындарындағы жұмысшылардың еңбек жағдайларының жақсаруын қатаң қадағалайды. "Oil Services Company" ЖШС қызметкерлері өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласады. Компанияның спорттық командалары түрлі спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, лайықты жүлделі орындарға ие болып жүр, бұл қызметкерлердің тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар спортта да мықтылығын көрсетеді.
Ақтау қаласында өткен "ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ компаниялар тобы арасындағы жыл сайынғы жазғы спартакиаданың іріктеу турында "Oil Services Company" ЖШС командалары шағын футбол мен баскетболдан 1 орынға ие болып, Астана қаласында өткен жарыстың финалдық турына жолдама алды. Елордалық жарыс қорытындысы бойынша біздің команда шағын футболдан 1 орынды иеленді. Cеріктестікте жыл сайын жұмысшы мамандықтар арасында "Үздік маман" кәсіби шеберлік конкурсы өткізіледі. Биыл Үздік маман 2023 кәсіби шеберлік байқауында «Oil Services Company» ЖШС мамандары «Үздік ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадасы» І орынды иеленді, Аллабиринов Бердовлетпен Азаров Макен «Үздік цементтеу агрегаты машинисі» атанды.
Серіктестікте Жастар кеңесі бар, кеңес қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Жастар кеңесінің мүшелері серіктестіктің кәсіподақ комитетімен бірлесіп, мемлекеттік мерекелерге орай түрлі іс-шаралар өткізеді, сондай-ақ қайырымдылық шараларына қатысып, қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласады.
Бүгінде жарты ғасырдан астам тарихы бар "Oil Services Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Маңғыстау облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның экономикасының жетекші секторының алдыңғы қатарынан орын алып отыр.
БҰЛ БІЗДІҢ КОМПАНИЯ- СІЗБЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БІЗ ҮШІН ҮЛКЕН ҚҰРМЕТ.