Ұңғымалардың барлық түрлерін құрастыру бойынша кешенді жұмыстар - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz

Ұңғымалардың барлық түрлерін құрастыру бойынша кешенді жұмыстар

 

"Oil Services Company" ЖШС көлбеу бағытталған, көлденең ұңғымаларды әртүрлі тау-кен геологиялық және климаттық жағдайларда толық құрылыс бойынша, кешенді жұмыстарды жүзеге асырады.

"Oil Services Company" ЖШС "Маңғыстаумұнайгаз"АҚ бас мердігері болып табылады.

Ұңғымаларды құрастыру кезінде, жетекші отандық және шетелдік компаниялардың ең тиімді және экологиялық қауіпсіз бұрғылау ерітінділерін, соның ішінде көп функцияналды химиялық реагенттер қолданылады.

Ұңғымаларды құрастыру заманауи технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

"Oil Services Company" ЖШС алдыңғы қатарлы бұрғылау және сервистік жабдықтарды, әлемдік деңгейдегі жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға ерекше көңіл бөледі.

Нәтижелердің белсенді енгізудің басты мақсаты, жоғары нарықтық бәсекеге қабілеттілікті сақтау, бұрғылау жұмыстарының ауданын, литологиясын, геологиялық жағдайларын және ықтимал асқынулар учаскелерін білетін жоғары білікті кадрлардың болуы.

Жер қойнауын пайдаланушының және оператордың мүдделері мен сұраныстарына сервистік-бағдарланған тәсілін жүзеге асыру және кез келген тапсырыс берушінің мүдделерін есепке алу. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарын мұқият сақтау. Корпоративтік жұмыстарды жоспарлау және жүргізу кезінде "Oil Services Company" ЖШС пайдаланылатын бұрғылау жабдықтары үшін экологиялық, отын және энергетикалық тиімділік және қауіпсіздік талаптары мен стандарттарын үнемі арттыруды ескереді.

Жоғарғы өнімділік және жұмыс тиімділігі: бұрғылау қондырғыларын көшіру және орнату 3-4 күн ішінде, тек бұрғылау бригадасының күшімен жүзеге асырылады.

Жүк көтергіштігі 150-ден 225 тоннаға дейін мобильді нұсқадағы заманауи бұрғылау қондырғы паркі. (ZJ-40 -3 дана; ZJ-30 – 1 дана; ZJ-20 -2 дана; МБУ-125–1 дана.)