1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Oil Services Company» ЖШС-нің жұмысшыларының балаларына арналған, «БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЕРТЕГІ - БАҚЫТТЫ БОЛСЫН ЕРТЕҢІ» атты мерекелік шара өтті.
600-ден аса бала жиналған іс-шара бүлдіршіндердің әнімен, биімен «Көңілді старт» және педагогикалық жасақтардың ойын-сайыстарына қатысуынан басталды.
«Отаным – бақыт мекені» атты тақырыбы бойынша поэзия шырқалды. «Көңілді старт» эстафетасында жылдамдық пен тапқырлық танытса, педагогикалық ойындарда шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Одан әрі «Ду думан» би тобының жетекшілігімен ұйымдастырылған жаппай флеш-мобта балалар көңілді әуендерге ырғақпен бірдей қимылдап, мереке көркін қыздырды.
Шараны компанияның Бас директоры Н.Ж. Таменов ашып беріп, өз жылы тілегін білдірді. Арнайы қонақтар, Маңғыстау облыстық “Жас Батыр” манандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Ж. Қобыланов, Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығының басшысы, ҚР самбо федерациясының 1-ші вице президенті М. Бисекенов келіп, балаларға жарқын болашақ тіледі.