"АДИЗИС ӘДІСІМЕН КОМПАНИЯ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ДАМЫТУ" - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz

Адезис әдістемесі бойынша «ОSC» ЖШС басшылығы құрамы мен бөлім басшыларының қатысуымен 17-19.01.2024 аралығында компанияның болашақ көрінісін, мақсұты (миссия) құндылықтарын анықтау және 5 жылдық стратегиялық шараларды жасақтау сессиясы өткізілді. Бұл компанияларды жетілдірудегі Адизис әдістемесіндегі 11-шы қадамының ОSC 4-ші қадамына өтуі.

Сессияда компания қызметін тұтынушыларының басты талаптары мен компаниямызда жылдар бойы қалыптасқан техника-технологиялық қабілеттерінің деңгейі мен өңірдегі өндірісітік қуаттылығы талданып, еліміздегі және әлемдегі саясы, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және заңдар мен қоршаған ортадағы өзгерістердің компания жағдайына әсерлері айқындалды. Ұзақ мерзімді компанияның болашақ көрінісі мен оған жететін маңызды шаралар мен жобалар тізімі жасақталды.

Сонымен қатар компанияның болмысы айқындалып басты ұстанатын құндылықтар мен жағымсыз әсер ететін әдеттері анықталып, болашақта қандай құндылықтарды дамыту, қанадай құндылықтарды жаңадан қалыптастыру және қандай құндылықтардан арылу жолдары талқыланды.

Сессия нәтижесінде 2024-2028 жылдар аралығында ОSC компаниясының болашақ көрінісіне жетелейтін ОSC-ның қалыптасқан айқын болмысы арқылы бәсекелік қабілеттерді жетілдіре отырып, жағымды құндылықтармен нақты анықталған стратегиялық шаралар құжаттын командалық бірлікпен жасақтап шықты. Алдағы уақытта бұл құжатты бағдаршам ретінде акционерлер мен серіктестік қызметкерлеріне түсіндіру және болашаққа нық қадам басуға жұмыла жұмыстануды жүргізу жоспарлануда.