"Қаламқас кенорнында Наурыз тойы тойланды". - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz

 "Қаламқас кенорнында Наурыз тойы тойланды".

Қаламқас кенорнында ұйымдастырылған Наурыз мейрамына орай алаңда киіз үй тігіліп, алтыбақандар құрылды. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, театрландырылған көріністерді, қазақ эстрадасының жұлдыздары қойған концертті тамашалау үшін жұмысшылар кешен аумағына жиналды.
Серіктестік бас директоры Н. Таменов сөз сөйлеп, жиналғандарды құттықтады.

Наурыз бұл, күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, бұл мереке халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі саналады деп атап өтті. Ұлттық мерекені тойлауға келген көпшілікті Қазақ эстрада жұлдыздарының өнерлерін тамашалады.
Жиылған халық наурыз көже мен ыстық бауырсақтан және өзге де ұлттық тағамдардан дәм татып, мәре-сәре күйде болды.