Құрметті, Қазақстандықтар! - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz


Сіздерді бүгінгі 1 мамыр - Қазақстан халқының БІРЛІГІ күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ елі ежелден жақсыны дос көріп, құрмет қылғанға құшағын аша білген халық. Болсын деген адамды бауырындай сыйлап, өз төріне отырғызған қонақжай ел. Соның бір дәлелі, бүгінде Қазақстан - түрлі ұлт пен ұлыстың қасиетті Отанына айналды. Тілі, діні, ұстанымы мен дәстүрі бөлек өзге ұлт өкілдерінің басы бір аспан астында бірігіп, ынтымағы жарасқан тұтас мемлекет болып отыр.

Сондықтан, бүгінгідей мерейлі мерекеде барша отандастарымызды құттықтай отырып, әрқайсыңыздың деніңізге саулық, жанұяларыңызға амандық тілейміз! Ырыс-несібеміз артып, бірлігіміз нығая берсін! Болашағымыз жарқын, егемендігіміз мәңгі болсын!