ҚҰРМЕТТІ, МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР! - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz

🇰🇿 Сіздерді 30-тамызда еліміз бойынша тойланатын үлкен мерекенің бірі - ҚР Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

🇰🇿 Ата заңымыз ел айбынының көрсеткіші екені бәрімізге мәлім. Онда ұлтымыздың ауыз бірлігі, мемлекетіміздің тұтастығы, осы елде тұратын әрбір азаматтың ар-ожданы, бостандығы мен құқығы жайында заңдар, ережелер мен қағидалар қалт жібермей жазылған. Ата Заң біздің келешегіміздің кемел болатынына кепіл болады. Жаңа қоғамның қалыптасуында негіз боп, бағыт-бағдарды айқындайтын маңызды құжат.

🇰🇿 Ел егемендігі мен тәуелсіздігі баянды болсын! Бірлігі мықты, тату мемлекет болайық! Әрбір отбасыға бақыт, шаттық, береке және амандық тілеймін!

Игі тілекпен: «Oil Services Company» ЖШС Бас директоры Таменов Нүркен Жарылғасұлы.