Сіздерді өз атымнен және “Oil Services Company» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі тарапынан мұнайшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және еңбектеріңізге толғай табыс тілеймін. Тәуелсіз елдің әр таңы арайлы атып, қарттарымыз аман болып, мерекеден мерекеге аман жетейік.
Жаңа Қазақстанның іргетасы берік, шынайы отансүйгіш жастардың қатары көбейе берсін! Еліміздің экономикасы одан әрі дамып, болашағы жарқын болғай! Мұнайшы мерекесі — бірлік, ынтымақ және қуаныш күні! Тәуелсіз еліміздің мұнай саласының мамандары әрдайым жаңа жетістіктерге жете берсін!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен:
“Oil Services Company» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасы
Сабиев Есентай Сисенбайұлы.