Халықтық штаб: АЭС парниктік газдар шығарындыларын азайтады - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz

Маңғыстауда АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штабтың жұмысы жалғасып жатыр. Бүгін халықтық штаб мүшелері «Oil Services Company” ЖШС мамандарымен кездесіп, АЭС-тың артықшылықтары мен ел экономикасына әсерін түсіндірді, - деп хабарлайды халықтық штабтың баспасөз қызметі.

Кездесуге келгендерді ең алдымен “Кейбір елдер АЭС-тен бас тартып жатқанда, неге біз атом электр станциясын қолдауымыз керек” деген сұрақ толғандырды. Штаб мүшелерінің айтуынша, АЭС елдегі бірқатар мәселені шешуге көмектеседі. Атап айтқанда, атом электр станциясы көмірқышқыл газын және басқа да парниктік газдар шығарындыларын шығармайды. Эгергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, импорттық энергия ресурстарына тәуелдікті азайтады. АЭС салынуы тарифтің өсуін тежейді.

- АЭС құрылысы ел үшін стратегиялық маңызы бар, тәуелсіз мемлекетте өзінің энергетикалық ресурстарын дербес басқаруға мүмкіндік беретін жоба. Сыртқы тәуекелдерді барынша азайту және жоба қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімді халықаралық серіктестермен егжей-тегжейлі ынтымақтастық тетіктері, сондай-ақ озық технологияларды енгізу қарастырылған. Қазақстан атом электр станциясы жобасының ең жоғары стандарттар мен ел мүддесіне толық сай болуы үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Атом электр станциясы жобасы саяси емес, коммерциялық. Кез келген компания, қайсысы серіктес ретінде таңдалса да, олар тек атом электр станцияларын салады. Ал әрі қарай АЭС-ны жергілікті халық ғана пайдаланады, - деді штаб мүшесі Киікбай Жаулин.

Кездесу соңында компания қызметкерлері ел болашағын айқындайтын саяси науқан - референдумға келіп, таңдау жасайтынын айтты.