12 тамыз - халықаралық жастар күніне орай «№7-спикер» интеллектуал конференциясы өтті. Шараға «Oil Services Company» жас мамандары қаттысты.
Республика деңгейіндегі танымал спикерлер, кәсіпкерлер, және жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар жастардың болашаққа бағытталған жоспарларында мотивацияның қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Конференция барысында «Жастар және армандар», «Болашақ кәсіптері» тақырыптарында панельдік талқылаулар өтті. Спикерлер өз ойларымен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, жастар өз идеяларын ұсынды, қызықты жобаларды таныстырды. Бұл кездесу Ақтау қаласындағы жастар арасында бірлікті, ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа серпін беруге жол ашты. Жастардың белсенділігі мен қызығушылығы оларды алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жеткізетініне сенім ұялатты.