Қымбатты әріптестер! - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz

Шұғылалы көктем шуағымен енетін 1 наурыз - Алғыс айту күнімен баршаңызды құттықтаймын. Шын мәнінде бұл айтулы мереке адам жанына ізгілік пен мейірім нұрын шашып, бір-бірімізге деген сыйластығымыз бен бірлігімізді нығайта түсуге септігін тигізетін айтулы күн.
Алғыс айту күні - бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Тәуелсіздіктің таңы атып, егемен ел атанғанымызға биыл 34 жыл толады. Осы ретте өткен күннің белді белестері мен бүгінгі күніміздегі дәулет-берекеміз үшін айтар алғысымыз шексіз. Сондай-ақ, әрбір Қазақстандыққа, соның ішінде ел экономикасын өркендетуде ерекше үлес қосып жүрген «Oil Services Company» ЖШС ұжымына алғыс білдіремін! Достық пейіліміз үстем болып, бауырмалдығымыз арта берсін! Бірлігіміз мығым болсын!
Таменов Нүркен
«Oil Services Company» ЖШС Бас директоры.