14-наурыз еліміздің батыс өңірі үшін айрықша мейрам! Ежелден келе жатқан, аса маңызға ие Амалды ата-бабаларымыз жыл басы санап, ерекше қадір тұтқан.
Қыстан аман-есен шықтық деп ауыл-аймақ, ағайын-туыс, көрші-көлем, дос-жаранмен құшақтасып, төс қағыстырып көрісіп, "бір жасың құтты болсын" деп ақжарма тілектерін арнайтын болған.
Бұл күні ауылдың қарт-қариясы, жасы үлкен-кішісі түгелдей бас қосып, үй-үйді аралап, дәм тататын болған. Бұл күні ағайынның араздығы ұмытылып, кірбің көңілдер тазаратын болған.
Амал-бірліктің бастауы, ынтымақтың қазығы. Амал- мейірім мен берекенің жаршысы.
Құрметті, жерлестер! Баршаңызды Амал мейрамымен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Ырысымыз артып, ынтымағымыз нығая берсін!
Құрметпен,
“Oil Services Company” ЖШС Бас директоры Нүркен Таменов