КОМПАНИЯНЫҢ ЫСЫРАПСЫЗ ӨНДІРІС АРҚЫЛЫ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІРТҰТАСТЫҒЫ. - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz

«OSC» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ белсенділеріне Серіктестік басшылығының бастауымен «Ысырапсыз өндіріс негіздері» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренингте барысында ысырапсыз өндірістің техникалық аспектілерін ғана емес, оның әлеуметтік маңыздылығы да қарастырылды. Компанияның соңғы 10 жылдағы қаржылық және өндірістік көрсеткіштерін саралап, сонымен қатар орташа жалақыны, қызмет тарифтерін және өндірістегі жазатайым оқиғалар таныстырылды.

2024-2028 жылдарға бәсекеге қабілетті және әлеуметтік тұрақты компания болу жолындағы стратегия таныстырылды. Бұл стратегияны орындаудағы ысырапсыз өндіріс құралдарының қажеттілігі мен маңыздылығы талқыланды.

Тренингке қатысушылар процестердің жүйелілігі мен құрылымын түсіну, сондай-ақ құнды және ысырап шығындарға әкелетін әрекеттерді анықтау дағдыларын игерді. Көп кездесетін ысыраптардың сегіз түрін өндірістке кездесетін мысалдармен көрсетілді. Өндіріс жүйесіне ысыраптарды болдырмау құралдарын енгізу жолдары түсіндірілді.

Оның ішініде:
*Жұмыс орынын ұйымдастыру 5S жүйесі*,
*Стандарталған әркеттер картасы*,
*Процестерді жетілдіру кaizen-ұсыныстары*,
*жабдықтарға жаппай қызмет көрсету жүйесі*, *Өнідірісте оқыту жүйесі* құралдары және әдістері таныстырылды.

Тренинг соңында қатысушылар Серіктестігіміздің ортақ мақсаты жұмыс тиімділігін арттырып қана қоймай, барлық қызметкерлер үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасаудағы ортақ міндеттте жұмыстанумыз керек деген қортындыға келді.

Белгілі Жергілікті кәсіподақтар қызметі жұмысшылардың құқықтарын қолдау мен қорғауда шешуші рөл атқарады. Біз ысырапсыз өндіріс принциптері туралы білім Қоғамдық бірлестік қызметкерлерінің жұмысында мықты құрал бола алатынына сенімдеміз.