«Oil Services Company» ЖШ серіктестігі тағы бір ардагерді құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Ұзақ жылдар бойы мұнай саласының дамуына адал еңбегімен үлес қосып, ұжымдастар арасында сыйлы бола білген ел ағасы кәсіптің нәсібін көрмек. Абыройлы зейнет жасына жеткен Сарбуфин Болат Темірханұлы «Oil Services Company» ЖШ серіктестігінде түлі салада қызмет еткен. Жалпы мұнай саласындағы еңбек өтілі 40 жылдан астам уақытты құрап отыр. Осыған байланысты мерекелік дастархан жайылды. Мерекелік басқосуда компания басшылығы Б. Сарбуфиннің саланың даму жолында жасаған еңбегі үшін алғыс білдірді. Арнайы концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды. Өнерпаздар қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады, соның ішінде Серіктестік жас мамандарымыз өз өнерлерін көрсетті.
Зейнет демалысына жолдама алған еңбек ардагерін басшылық құрам мен Кәсіподақ тарапынан арнайы құттықтап, сый-сияпат табыстады.