Бүгін «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы партияға жаңа адамдарды қабылдау және белсенді партия мүшелерін марапаттау бойынша жиналыс өткізді. Жиналыста «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев сөз алып, атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Партияның мақсатымен міндеттемелері туралы айтып өтті. Өз сөзін қорытындылай келе белсенді партия мүшелерін, «Алғыс» хаттымен марапаттады. Олардың қатарында, “Oil Services Company” ЖШС бір қатар мамандары болды. Партияның даму жолында қосқан ерең еңбектеріне алғыс білдірді.