«ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ОҚУ ЖАТТЫҒУ» - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz

«Oil Services Company» ЖШС-нің 2024-2027 жылдарға арналған, Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасының, 10-тармақшасына сәйкес, Ақтау қаласындағы «ОZAT» оқу орталығы (30ш/а 105-ғимарат) жасөспірім балаларына өндірістік қауіпсіздік бойынша интерактивті мастер-класс өткізілді.

Шарада жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау және алдын-алу мақсатында түсіндірме жұсымстары, жедел жәрдем алғашқы көмек - адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар, өрт шыққан кезде балалар білуі тиіс қауіпсіздік ережелері туралы жүйелі түрде профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шараға қатысқан балалар тарапына сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан жауаптар берілді. Шара соңында балаларға сый-сыяпаттар таратылып, оларлдың алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.