Тұяқбай Мұсабайұлы Бименбетов 1917 жылы Маңғыстау облысында, Форт –Александровск, қазіргі Форт –Шевченко қаласында революциямен тұспа тұс дүниеге келген.
Маңғыстау өңірінен әскер қатарына топтап шақырылу 1939-1940 жылдың қаңтарынан басталды. 1940 жылдың 8 қаңтарында әскер қатарына шақырылады. Бұл орыс-фин соғысына байланысты болса керек. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Маңғыстау өлкесінде негізгі екі аудан – Маңғыстау және Форт-Шевченко аудандары болды. Міне осы шақырылуға Тұйекең де ілікті. Бұлардың қатарында, болған Жарылғасынов Шиланбай, Жұмалиев Қалмырза, Нұрғабылов Кенжебек, Дүйсәлиев Үбайдолла, Егізбаев Қанбек сияты көптеген азаматтар болды.
1941 жылдың тамыз айынан бастап №151 ші атқыштар полкі құрамында ұрысқа дайындалды. Осы жылдың қыркүйек айында Кавказ үшін қанды айқас басталды. 1942 жылы аяғынан жарақат алып, 1943 жылдың сәуір айында әкем жазылып қайтадан №253 зеңбірек дивизион әскер бөліміне оралып, соғыс қимылдарына қатысады. Тұйекең де Кавказ, Солтүстік Кавказ майдандарындағы 46-шы армияның сапында соғыс қимылдарының барлығына қатысып 1946 жылы елге оралған.
Көрсеткен ерліктері үшін; «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік қызыл ту ордені», «3 дәрежелі Даңқ ордені», «2 дәрежелі Даңқ ордені» берілген, «Қызыл жұлдыз ордені» полк командирімен ұсынылған.
Осындай ерен ерліктері ескеріліп, бүгінгі уақытта қаламыздың «Мәңгілік алау» алеясында өз орнын тауып, Маңғыстаудың батырларының қатарында тұр.
Бейбіт еңбек жолында 1960 жылы «Гурьев облысы бойынша » қурмет кітабына жазылған, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» және мал шаруашылығы қызметінде еңбек ардагері медалдарымен марапатталған.
Қазіргі уақытта «OSC» ЖШС мекемесінде соғыс ардагердің ұрпағы кіші баласы Бименбетов Сырым Тұяқбайұлы арамызда 1993 жылдан механика саласында абыройлы еңбек етіп келеді. Біз саны азайған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпағы біздің мекемеде, мұнай-газ саласында елімізге елеулі еңбек етіп жатырғанын мақтан тұтамыз!