АРДАҚТЫ МҰНАЙШЫЛАР! ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz

Баршаңызды келіп жеткен мұнайшылардың кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл Қазақстан мұнайына 125 жыл толып отыр. 1899 жылы қазақ жерінде бірінші рет бұрғы салынып, бірнеше метр тереңдіктен алғашқы мұнай фонтаны атқылағаны - Қазақстандағы тұңғыш мұнайдың өндірілуі болып тарих сахнасыда қалды. Кейін жаңа мұнай көздері табылып, сапалы мұнай әлемдік деңгейде назарға іліге бастады. Бүгінде мұнай-газ саласы ел экономикасы дамуының негізгі локомотиві болып отыр.
Жер асты қазыналарымыз, оның ішінде қара алтын мұнайымыз - біздің ырыс-несібеміз. Халықтың әлеуетін арттырып, ел экономикасын қуаттандыруда зор үлесі бар. Ал, сол қара алтын өндірісін игеруде күні-түні демей, ыстық-суыққа қарамастан тынымсыз еңбек етіп, маңдай терін төгіп жүрген мұнайшылар қауымының орны ерекше. Осынша жылдық тарихы бар мұнай өндірісінің қалыптасуы, өркендеп қанат жаюы - кешегі өткен ардагер мұнайшылар қауымының жетістігі. Бұл бізге аманат, енді келер ұрпаққа аманаттау - біздердің, яғни, бүгінгі мұнайшылардың міндеті.

Бүгін - төл мерекеміз! Баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті болсын! Бірлікпен биік белестерді бағындыра берейік! Ынтымағымыз артып, ырысымыз еселене берсін! Ел тұтқасы берік болып, еңсеміз биік болсын!

Мемлекетіміздің өркендеу жолында адал еңбегіңізбен атсалысып жүрген әрқайсыңызға үлкен алғыс білдіремін!

Құрметпен: «Oil Services Company» ЖШС Бас директоры Таменов Нүркен Жарылғасұлы.