«Сіздер үшін, махаббатпен!» - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz

"Oil Services Company" ЖШС басшылығының және кәсіподақ комитетінің қолдауымен Серіктестік қыз келіншектеріне арналған 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Сіздер үшін, махаббатпен!»
атты салтанатты іс-шара өтті. Арулардың құрметіне арнап мерекелік дастархан жайылып, ерекше көңіл күй сыйлаған кеш ұйымдастырылды.
Көктемнің шуақты мерекесі
аруларға гүл сыйлаудан бастау алды.

Бас директор Н. Таменов қыз-келіншектерді төл мерекелерімен құттықтап, сондай-ақ, олардың тек отбасының ұйытқысы ғана емес, бүкіл қоғамды алға сүйрейтін, елдің бірлігін күшейтетін, берекесін молайтатын қуатты қозғаушы күш екенін жеткізіп, ізгі лебізін білдірді.

Іс-шара барысында мұнайшы арулардың салада табысты еңбек етіп жүрген еңбектеріне алғыс білдірілді. Зейнеткелік жасына жеткен Канслу Аяпбергенқызына Серіктестік атынан алғыс хат табысталды. Мерекелік кеш одан әрі қала өнерпаздарының нәзік жандылардың құрметіне арнаған концертіне ұласты. Құшақ-құшақ гүл шоқтары мен түрлі сый-сияпаттар табыс етілді. Серіктестік қабырғасындағы "Жас Мамандар» кеңесінің ұйымдастыруымен ән мен жырдан шашу шашылды. Еліткен вальс биленіп, поэзияның тиегі ағытылды. Жігіттер тарапынан нәзік жындыларға алғыс айтылып, ынта-ықыласқа бөленді. Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға келген барлық қатысушыларға гүл шоқтары ұсынылып, ардақты аналар мен қыз-келіншектер құрметке бөленді.