Жыл сайынғы дәстүр бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниялары қызметкерлерінің арасында спартакиада жарысы өтеді. Бұл жарысқа 6-облыстан 11- түрлі спорт түрі бойынша 615 жуық спортшылар қатысады. Олардың ішінде, «ОСК» ЖШС спортшылары бар.
Бүгін «ОСК» ЖШС Бас директоры Н. Таменов және кәсіподақ төрағасы Е. Сабиев арнайы шақыртып оларға сәттілік тіледі. Бұл айтулы дода спортты одан әрі дамытуға, достықты нығайтуға және ортақ мақсаттарға жетуге көмектеседі деп атап өтті. Бұл сайысқа қатысатын барлық командаларға сәттілік тілеймін. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Кіл мықтылар арасынан шын мықтылар жеңіске жетеді деп сенемін-деді.
«ОСК» ЖШС намысын қорғайтын әр бір қатысуға сәттілік тілейміз.