«АТА-АНАЛАР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ: ҚАЗМҰНАЙДЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ» - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz

2024-2027 жылдарға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бағытында стратегиялық ЖОЛ КАРТАСЫН жүзеге асыруда. Аталған құжаттың 14 тармағына сәйкес, өндірістік қауіпсіздік мәселелерінде белсенді қатысқаны үшін қызметкерлердің отбасы мүшелері, яғни ата-анасы мен жұбайы, алғыс хатпен марапатталды. Бұл бастама –, жұмысшылардың әлеуметтік жауапкершілігін және олардың отбасыларына деген құрметті арттыруға, оларды ынталандыруға бағытталған маңызды қадам.

Өндірістік қауіпсіздік – кез келген өнеркәсіптің табысты қызмет етуінің басты құралы. Ол еңбек қауіпсіздігін сақтау, және олардың алдын алу, жұмысшылардың денсаулығын қорғау болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясы үшін бұл мәселенің маңызы ерекше, компанияның негізгі міндеттерінің бірі.

Көптеген мамандар отбасылық қолдаудың арқасында өз жұмысын жақсы айқындай алады. Ата-аналар мен жұбайлардың еңбекке араласулары, жұмысшылардың әрқайсысының жетістіктеріне үлкен әсер етеді. Сондықтан, оларды марапаттау – өз кезегінде, еңбек қатынастарын нығайту мен компаниядағы әлеуметтік жауапкершілікті күшейтеді.