Мемлекет басшысының бастамасымен биылғы жылдың көктемінен бастап республика көлемінде «Таза Қазақстан» атты ауқымды экологиялық акциясы жүргізілуде. Осы акция шеңберінде Серіктестік бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Акцияны қайта жаңғырту мақсатында, бүгін Бас директордың персоналды басқару,еңбекақы төлеу және әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Б. Дюсенбиевтің қатысуымен жиын отырыс өтті. Отырыста «Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде тазалық жұмыстарын жүргізу, сәндік көшеттерді отырғызу шарасы туралы айтылды. Іс-шараның мақсаты – Серіктестік жұмысшылары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету болып табылады.