Сұрапыл соғыс жылдары тылда қызмет еткен еңбеккерлердің еңбегі мен жеңісті жақындатуға қосқан үлесі аз емес. Майданға аттанған солдаттардың ас-суын, киім-кешегін уақтылы жеткізумен қатар ауылда қалған үлкен кісілер мен шиеттей бала-шағаның қамын қоса арқалап, тылда толассыз еңбек етті.
Қастерлі мереке қарсаңында "Oil Services Company" ЖШС Жас мамандары бірлесіп сұрапыл соғыс жылдарында бел жазбай еңбек етіп, қиямет-қайым қиындықтарды жеңе білген кешегі тыл еңбеккерлерінің шаңырағында болып, сый-құрмет көрсетіп, сыйлықтарын мерекелік корзина, дәрі-дәрмекке қаржылай сыйлық табыстады.
Олар:
Жақсығалиева Роза Серғалиевна.
Салиқов Мақсат
Нақуов Бөлекбай
Исмаилова Сара Жұмағалиевна
Жұбаназарова Сырға
Есмағанбетова Медина
«Осы уақытқа дейін «соғыс жылдарында еңбек еттік, жоқшылық көрдік, жан азабын тарттық» деп кеудемсоқтанып, ешкімге міндетсімейміз. Қара жұмысқа жегілсек те, саналы ғұмырымызды бүгінгі толқынның болашағына сарп еттік» деді көпті көрген қазыналы жандар. Ардагерлер ризашылықтарын білдіріп, ел-жұрттың амандығын тілеп, ақ баталарын берді.