«ЖАС МАМАНДАР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ» - Oil Services Company
Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23ш/а, 18 ғим.
+7 (7292) 212-900
office@osc.kmg.kz

Серіктестіктің жастар саясатын жүргізуге атсалысқан азаматтар марапатталды.

Атап айтқанда, Компаниямыздың қоғамдық-саяси өміріне, жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді атсалысқан жастар кеңесінің мүшелері Бас директор Н. Таменовтың алғыс хатына ие болды. Жеті қырлы, бір сырлы жас мамандар өз тарапынан еңбектің еленгенін алға тартып, Серіктестік басшылығына өз ризашылығын білдірді.